Атырауда Халел Досмұхамедовке арналған кеш өтті

Фотография - Атырауда Халел Досмұхамедовке арналған кеш өтті

Атырау мемлекеттік университетінде ағартушы ғалым, энциколпедист, дарынды дәрігер Халел Досмұхамедовтің туғанына 130 жыл толуына орай кеш өтті

136 0

Атырау мемлекеттік университетінде ағартушы ғалым, энциколпедист, дарынды дәрігер Халел Досмұхамедовтің туғанына 130 жыл толуына орай кеш өтті.

Онда ғалым атындағы сыйлықтың иегері, оның ғылыми шығармашлығын зерттеп жүрген профессор Амангелді Шамғонов студенттермен жане жас оқытушылармен кездесіп,  қызықты  әңгіме қозғады.

Шараның мақсаты - Х.Досмұхамедовтің ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, тарихшы, дәрігер болғанын дәріптеу. Кездесуді кітапхана директоры А.Дәуітқұлова кіріспе сөзімен ашса, университет профессоры А.Шамғонов ғалымның өмір жолы мен ел үшін атқарған игі істеріне тоқталды, жаңа тың деректерді ортаға салды. Одан кейін халелтанушы Ғ.Базарғалиев, филология ғылымдарының кандидаты Б.Қайыржанқызы ғалым мұрасының бүгінгі тәуелсіз еліміз үшін зор маңызынатап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!