Қытайда қазақ термешілерінің курсы ашылады

Фотография - Қытайда қазақ термешілерінің курсы ашылады

Қыайдғы қазақ сайттары халық арасындағы термешілерге терме туралы ғылыми сабақ алатын орай келді, -деп жарыса жариялады. «Мұра» журналы мекемесі терме орындаушыларға арнап курс ашпақшы. 

348 0

Қыайдғы қазақ сайттары халық арасындағы термешілерге терме туралы ғылыми сабақ алатын орай келді, -деп жарыса жариялады. «Мұра» журналы мекемесі терме орындаушыларға арнап курс ашпақшы. 

Ауыл арасындағы бұлбұл көмей, жез таңдай өнерпаздарға терменің тегі мен қасиетін, орындалуы мен мәнін жан-жақты ұғындыру мақсатында ұйымдастырылғалы отырған оқу курсы биылғы жылдың маусым айында өз жұмысын бастамақ. «Қазіргі таңда Шыңжаңдағы термешілердің саны 200 адамға жуықтапты. Бұлардың ішінде халыққа бұрыннан таныс термешілер мен кәсіптік білім алған дәстүрлі әншілер де бар. Ал, ауылдағы егінші, малшылар арасында өз тыңдармандарын таппаған өнерпаздарды қоссақ, әрине бұл сан тіпті де арта түспек» деп жазады Қытайдағы қазақ сайттары.

Айта кетейік, Ұлт мұрасын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін жинап, теріп халыққа жеткізіп жүрген бірден-бір Қытайдағы қазақ басылымы – «Мұра» журналы текті өнеріміз терменің жанашыры болып келеді. Бұдан бұрын «Мұра» журналы мекемесінің ұйымдастыруымен Қытайдағы тұңғыш реткі терме сайысы өткен болатын. Жақында Қытайда шыққан «Терме туралы зерттеулер» және «Қазақтың 100 термесі» кітабын да осы редакция құрастырған.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!