АҚШ-та қазақстандық «Үндестік сабағы» фильмінің премьерасы өтеді

Фотография - АҚШ-та қазақстандық «Үндестік сабағы» фильмінің премьерасы өтеді

Қазақстан режиссері Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» («Үндестік сабағы») фильмі Американың ірі фестивальдарының бірі – Tribeca аясында көрсетіледі.

229 0

Қазақстан режиссері Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» («Үндестік сабағы») фильмі Американың ірі фестивальдарының бірі – Tribeca аясында көрсетіледі.

Кинофорум Нью-Йоркта 2013 жылы 17-28 сәуір аралығында өтеді. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өнімі «Көзқарас» деген арнайы бағдарламасы аясында көрсетіледі.

«Үндестік сабағының» премьерасы болмай тұрып, халықаралық және Америка БАҚ-тары үшін арнайы көрсетілімі өтті. Журналистер фильмді жылы қабылдады. New York Magazine басылымы фестиваль аясында міндетті түрде көруді қажет ететін картиналардың тізіміне Эмир Байғазиннің туындысын енгізген.

Tribeca кинофестивалі актер Роберт Де Ниро мен продюсер Джейн Розентальдың бастамасымен 2002 жылдан бері өткізіліп келеді.

Еске сала кетелік, Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» фильмі 63-ші Берлин кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшін «Күміс аю» жүлдесіне ие болған еді.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!