«Айқап» журналына ескерткіш тақта ашылды

Фотография - «Айқап» журналына ескерткіш тақта ашылды

Ресей Федерациясының Челябі облысына қарасты Троицк қаласында қазақ тілі мен мәдениеті күні өтті.

255 0

Ресей Федерациясының Челябі облысына қарасты Троицк қаласында қазақ тілі мен мәдениеті күні өтті.

Іс-шараға көрші елдің шекаралас облыстарында тұратын қандастарымыз Қостанай қаласының зиялы қауым өкілдері және өнерпаздары қатысты. Мәдени шара барысында Троицк қаласындағы «Айқап» журналы шығарылған ғимараттың қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

«Айқап» журналы – 1911-1915 жылдар аралығында жарыққа шыққан. Оның бас редакторы – Мұхамеджан Сералин. 88 нөмірі оқырман қолына тиген басылымның әр саны ұлт жоғын жоқтады, мұңын мұңдады. Қазақ үшін тарихи маңызы ерекше Тройцк қаласында қойылған ескерткіш тақта өткеніміз бен ертеңімізді жалғастырар жәдігер болмақ.

«Белгі қалдыру, бұл – біздің үлкен борышымыз. Сол борышты орындап отұрмыз. Осы арқылы біз өзіміздің бұрыңғы қайраткерлерімізге, өткенге құрмет. Бұл болашаққа жол ашады. Біздің екі елдің арасындағы қарым-қатынасымызды, достық байланыстырамызды одан әрі жетілдіре береді деп ойлаймын»,-деді шараға қатысқан Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің өкілі Серікқали Байменше.

«Бұл ұрпаққа үлгі. Тақтаны талайлар көруі мүмкін. Жанынан өтуі мүмкін. Бірақ бір нәрсеге ойланып өтуі керек бәрі де. Ол не нәрсе деп. Мұхамеджан Сералиннің және басқа қазақ арыстарының мұраларын одан әрі қарай жалғастыру бағытында не тындырып жатыр деп әрқайсысы армандаса, мен әрқашан разымын»,- дейді жазушы, ақын Нағашыбай Мұқатов.

Ғимаратта төңкеріске дейін Соколовский деген көпестің баспаханасы орналасқан. Сол жылдары мұнда тек қазақ журналы ғана емес, басқа баспа өнімдері де жарық көрген. Бірақ олардың ішінде «Айқаптың» маңызы басым.

Тройцк қаласының басшысы Виктор Щекотовтың пікірінше «Айқаптың» артықшылығы – қазақ әдеби тілінің қалыптасуына негіз қалауында. Басылым қазақтың мүддесін көздеп, жоғын жоқтап, қоғамдық санасының оянуына ықпал етуімен құнды.

Жалпы Тройцк қаласында 5 мың қазақ тұрады. Қазақ тілі мен мәдениеті күні шекараның арғы бетіндегі қандастарымыз үшін ерекше есте қалар сәт болды. Салтанатты ашылудың соңы қостанайлық өнерпаздардың концертіне ұласты.


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!