«Серпер» жастар сыйлығын иеленуге кезекті байқау жарияланды

Фотография - «Серпер» жастар сыйлығын иеленуге кезекті байқау жарияланды

Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығына үміткерлердің кезекті байқауын жариялайды

444 0

Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығына үміткерлердің кезекті байқауын жариялайды.

Қазақстан Жастар одағы екі жылда бір мәрте табысталатын «Серпер» жастар сыйлығының құрылтайшысы болып табылады.

«Серпер» жастар сыйлығы өзінің шығармашылығы туралы мәлімдеген және елі үшін қызмет етіп жүрген талантты жастарды қолдауға бағытталған сыйлық болып табылады. Сыйлық алғаш рет 1967 жылы Қазақстан Жастар одағының сол кездегі бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтың бастамасымен тағайындалған болатын. Содан бергі 40 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Жастар одағы осы жақсы дәстүрді бұзбай, оны одан әрі дамытып, жалғастырып келеді. Бұл сыйлықты әр кездері Шәмші Қалдаяқов, Олжас Сүлейменов, Ескендір Хасанғалиев, Әсет Бейсеуов, Мұхтар Шаханов, Оралхан Бөкей, Роза Рымбаева, Жания Әубәкірова, Әлібек Дінішев және ел мақтанышына айналған өзге де ел ағаларымыз бен әпкелеріміз иеленген болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!