Құранды насихаттайтын мультфильм көрерменге жол тартты

Фотография - Құранды насихаттайтын мультфильм көрерменге жол тартты

Мультфильмдер арқылы балаларды жат діни ағымдардан сақтандыруға болады. Осы мақсатты көздеген ОҚО-ның аниматорлары жаңа анимациялық фильмді жарыққа шығарды

273 0

Мультфильмдер арқылы балаларды жат діни ағымдардан сақтандыруға болады. Осы мақсатты көздеген ОҚО-ның аниматорлары жаңа анимациялық фильмді жарыққа шығарды

Бірақ «Алып піл» атты мультфильмді алғаш болып тамашалағандар балалар емес. Имамдар. көңілден шықса керек, мұның пайдасы зор болмақ десті.

Су іздеген піл ағаш басындағы тиінді кезіктіреді. Сөйтіп екеуі тіршілік нәрінің қайнар бұлағын іздеп жолға шығады. Сапар барысында піл басынан өткен оқиғаны баяндайды. Адамдардың зұлымдығы, айлакер әрекеттері өздеріне зиянын тигізетіні айтылады. Мультфильмді жасаушылар Құран тілі балалар түгілі үлкендерге ауыр. Сондықтан балаларға өз тілімен жеткізуде анимацияның маңызы мол дейді. «Алып піл» небәрі 3 айдың ішінде жасап шығарылды.

Діни басқарма өкілдерімен бірлесіп жарыққа шыққан көркем дүние жас балаларға арналған деп айтылғанымен, жауапкершілігі жоғары. Бүгінгі қоғамда атыс-шабысы көп, баланың психикасына кері әсерін тигізетін мультфильмдердің көбейіп бара жатқаны осындай мағыналы дүние жасауға итермеледі дейді діндарлар.

Алғашқы көрсетілімнің көрермендері облыстың аудан-қалаларынан жиналған имамдар болды. Өйткені көпшілікке ұсынылар алдында бір сараланғаны жөн деп санайды аниматорларда.

Сақ киностудиясы мультфильмді тегін таратуды жоспарлап отыр.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!