Абай мен Шәкәрім шығармалары Лондонда жарық көрді

Фотография - Абай мен Шәкәрім шығармалары Лондонда жарық көрді

 1 мамыр күні Абай атындағы опера және балет театрында Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін Алматы симфониялық оркестрінің концерті өтеді

490 0

 1 мамыр күні Абай атындағы опера және балет театрында Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін Алматы симфониялық оркестрінің концерті өтеді. Алматы симфониялық оркестрі биыл қала әкімі Ахметжан Есімовтің қолдауымен құрылған болатын.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиевтің үлкен ұжымды басқаруы бірінші рет емес. Ол осыған дейін Алматыда «Алтын алма» камералық ор­кестрін, Батыс Қазақстан филармониялық оркестрін, Үндістан симфониялық оркестрін аяғынан тұрғызып, еуропалық деңгейде танымал еткен. Енді қысқа уақыт ішінде қазақстандық және шетелдік музыканттардан жасақталған жаңа ұжымды әлемге әйгілі етуге бел байлап отыр.

Сонымен, кеш бағдарламасы екі бөлімнен тұрады. Марат Бисенғалиев солист ретінде өнер көрсетсе, белгілі француз музыканты Николас Краузе оркестрге дирижерлік етеді. Қадірменді қонақ қазіргі сәтте Париждегі «Nouvelle Europe» камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері болып қызмет жасайды. Осыған дейін Австрия, Италия, Венгрия, Чехия, Ресей, Польша және де басқа Еуропа мемлекеттерінде тәжірибе жинақтаған.

– Бұл концерт үлкен жолға шығар алдындағы халықтың ақ батасын алу десек те болады. Оның үстіне, көрерменнен сұрайтын сүйіншіміз де бар. «Deutsche Grammophon» дыбыс жазу студиясында Алматы симфониялық оркестрінің орындауында «Абай», «Шәкәрім» шығармаларының СД дискісін шығардық. Менің өтінішім бойынша, оркестрге, хорға, ұлттық аспаптарға лайықтап жасаған британдық композитор Карл Дженкинс. Үнтаспа сәуір айының басында жарық көрді. Бұл біздің мәдениетіміз үшін үлкен жетістік саналады. Өйткені аталмыш студиялар әлемдік деңгейдегі оркестрлермен келісімшартқа қол қояды. Сондықтан біздің ұжым Алматының даңқын шығаруға үлкен үлес қосып отыр деп айтуға болады. Тағы бір қуанарлығы, «Deutsche Grammophon» студиясынан шыққан таспалар дүние­жүзінің түкпір-түкпіріне тарайды. Абай мен Шәкәрім туындыларының қанат жаюына қол ұшын созған – Шыңғыстау­дан шыққан меценат, кәсіпкер Медғат Құлжанов. Қазір Лондон қаласында тұрады. Ұлы ойшыл Шәкәрімнің тікелей ұрпақтарының бірі. Бұйыртса, жаңа альбомды Ұлыбритания, Түркия, АҚШ, Қытай, Ресей және басқа елдерде таныс­тырып, тұсаукесер рәсімін өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, скрипкашы Марат Бисенғалиев.


Тегтер:

тіл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!