Астанада «Қасым» фильмінің тұсауы кесілді

Фотография - Астанада «Қасым» фильмінің тұсауы кесілді

Қазақстан, Ресей, Украйна мемлекеттерінің бірлескен жобасы негізінде  Ұлы жеңіс күніне орай, қазақтың хас батыры Қасым Қайсеновтың ерлікке толы ғұмырын баяндайтын 4 бөлімнен тұратын көркем фильмнің тұсауы кесілді

175 0

Қазақстан, Ресей, Украйна мемлекеттерінің бірлескен жобасы негізінде  Ұлы жеңіс күніне орай, қазақтың хас батыры Қасым Қайсеновтың ерлікке толы ғұмырын баяндайтын 4 бөлімнен тұратын көркем фильмнің тұсауы кесілді.

Көркем туындыда «Ұлы отан соғысының батыры», «Халық қаһарманы» аты аңызға айналған тұлғаның саналы өмірі тегіс көрініс тапқан. Сондай-ақ, Қасым Қайсеновтың есімі тек қазақ даласына ғана емес, бұрынғы КСРО қазіргі ТМД мемлекеттеріне кеңінен таныс екені, батырдың Отан алдындағы борышына қалтықсыз қызметі бүгінгі ұрпаққа үлгі болары суреттелген. 

Игі бастамаға еліміздің маңдайалды үш телеарнасы мұрындық болған. Атап айтар болсақ,«Қазақстан» РТРК, «КТК», «Еуразия бірінші арнасы» телеарналары.

«Ұлы Отан» соғысында славян халықтарымен қатар  қазақтар да Отан үшін отқа түсті. Қан майданда қаншама батырларымыз ажал құшты. Бүгін - тарихи күн. Себебі халқымыздың біртуар ұлы Қасым Қайсенов туралы төрт бөлімнен тұратын телехикая түсірдік. Меніңше, бұл тек бастамасы ғана. Амандық болса, Бауыржан Момышұлы, Әлия мен Мәншүк туралы толымды дүниелер түсіріп, ұлы тұлғаларымызға тағзым етеміз»,- деді «КТК» телеарнасының директоры Арман Шораев.

Көркем туындыны белгілі ресейлік режиссер Л. Белозорович түсірсе, сценарийін  А. Курейчик жазған. Қасым Қайсеновтың рөлін Қ. Қуанышбаев атындағы музыка және драма театрының актері Қуандық Қыстықбаев сомдаған.

«Қасым» көркем фильмін көрермендер 7-10 мамыр аралығында «Қазақстан телеарнасы» эфирінен тамашалай алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!