Қарағандыда «Төле би - қазақтың данагөй абызы» атты конференция өтті

Фотография - Қарағандыда «Төле би - қазақтың данагөй абызы» атты конференция өтті

Әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғының» жобасын жасауға белсенді қатысқан қоғам қайраткері, Ұлы жүздің төбе биі Төле Әлібекұлының туғанына биыл 350 жыл.

321 0

Әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғының» жобасын жасауға белсенді қатысқан қоғам қайраткері, Ұлы жүздің төбе биі Төле Әлібекұлының туғанына биыл 350 жыл. Осыған орай, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Төле би - қазақтың данагөй абызы» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға  жоғарғы оқу орнының ғалымдары, танымал қайраткерлер, мектеп мұғалімдері, студент жастар және Төле бидің ұрпақтары қатысты. 15 жасынан ел билігіне араласқан Төле би өзінің ақыл-парасатымен, әділ шешімімен, шешендік өнерімен халықтың құрметіне бөленген. Конференция мақсаты - жастарға қазақтың ұлы биінің мол мұрасын насихаттау, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеп, қазақтың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ояту,-дейді ұйымдастырушылар. Конференциядан соң «Төле бидің шешендік мұрасы», «Төле бидің саяси-әлеуметтік көзқарасы» деген тақырыпта секциялық жұмыстар өтті.


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!