Батырхан Шүкеновтың қатысуымен түсірілген «Оқытушы» фильмі көрермендерге жол тартты

Фотография - Батырхан Шүкеновтың қатысуымен түсірілген «Оқытушы» фильмі көрермендерге жол тартты

Бүгін Батырхан Шүкеновтың қатысуымен түсірілген «Оқытушы» («Препод») музыкалық комедиясы қазақстандық прокатқа шықты

393 0

Бүгін Батырхан Шүкеновтың қатысуымен түсірілген «Оқытушы» («Препод») музыкалық комедиясы қазақстандық прокатқа шықты. 

Туындының продюсері Сино Ализода кино көрермендердің назарына ұсынылған соң, киносүйер қауымға жаңа жұлдыздардың есімі белгілі болады деп отыр. Бұл 16 жасар Ыбраева Ажар есімді актрисаның алғашқы рөлі болып табылады. Комедияда ол басты рөлдегі Камила (Ажар Әзімбаева) есімді арудың құрбысын сомдайды.

Оқиға желісі «Орда» тобының мүшесі Дастан Оразбеков сомдаған жас жігіттің ғашық болған арудың жүрегін жаулап алу жолындағы әрекеттерін баяндайды. Ғашық жігіт арманындағы аруға бір табан жақын болу үшін күтпеген әрекетке барады. Сүйіктісі (Айсұлу Әзімбаева) оқитын оқу орнына барып, өзін оқытушы деп таныстырады.

Фильмдегі әндерді Батырхан Шүкенов жазды. Ал туындыдағы өлеңдерді украиналық әнші Дарья Громова мен X-Factor байқауының жеңімпазы Дария Ғабдулл орындады.

Туындының режиссерлері литвалық Славомир Леонтьев пен латыш Виктор Вилкс Ресейдің танымал әншісі Земфира, «Би-2» мен «Мумий Тролль» топтарының бейнеклиптерін түсірген еңбектерімен көпшілікке таныс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!