Оралда Оралхан оқулары мәреге жетті

Фотография - Оралда Оралхан оқулары мәреге жетті

 Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында көркемсөз оқу шеберлері Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаз-жүлдегері анықталды

300 0

 Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында көркемсөз оқу шеберлері Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаз-жүлдегері анықталды.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған байқауға барлығы 20 үміткер қатысып, бақ сынады.

Сайыс қорытындысында сахна мәдениеті және көркемсөз оқу шеберлігімен қатарластарынан оқ бойы озық тұрған Бөкей ордасы ауданынан келген оқушы Эльвира Шынболатова бас жүлдені иеленсе,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Айнұр Игібаева І орынға қол жеткізді. Ал Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің студенті Жадыра Қарамұрзиева мен Ақжайық ауданының 11-сынып оқушысы Қайсар Биғали ІІ орыннан көрінді. Бөкей ордасы ауданынан келген Гауһар Кеңес, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Әлия Жалмамбетова және Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің студенті Гүлсезім Бурабекова үшінші орынды еншіледі.

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!