Динара Сатжан Баян Есентаеваның сәнқой құрбысын сомдайды

Фотография - Динара Сатжан Баян Есентаеваның сәнқой құрбысын сомдайды

Қазақстандық тележүргізуші Динара Сатжанның «Тракторшы махаббаты» атты комедиялы телехикада рөлдердің бірін сомдайтыны мәлім болды. Бұл туралы туындының режиссері Асқар Ұзабаев хабарлап отыр

305 0

Қазақстандық тележүргізуші Динара Сатжанның «Тракторшы махаббаты» атты комедиялы телехикада рөлдердің бірін сомдайтыны мәлім болды. Бұл туралы туындының режиссері Асқар Ұзабаев хабарлап отыр. 

Сатжан хикаяда Баян Есентаеваның сәнқой құрбысының рөлін сомдайды. Оқиға желісі бойынша Есентаева ойнаған әйел ауылға келіп, күтпеген жағдайларға байланысты ауылдан кете алмайды. Ауыл тіршілігіне еті үйренбеген әйел түрлі қиындықтарға тап болып, өз-өзін жеңіп шығуға мәжбүр болады. Ауылдың тракторшы жігітін жолықтырып, ғашық болып қалады. Тракторшыны «Возращение в А» және «Ликвидатор» фильмдерімен көпшілік көрермендерге аты таныс Айтжанов Берік ойнайды.

Айта кету керек, әуелде толықметражды фильм түсіру жоспарланған екен. Кейін туындының хикая болатыны анықталыпты. 16 сериядан тұратын комедияның түсірілім жұмыстары мамырдың 20 күні басталады. Әзірге түсірілімдердің қай жерде болатыны белгісіз. Алайда, режиссер Алматыға жақын ауылдардың бірінде болады деп жорамалдап отыр. «Тракторшы махаббаты» фильміне сценарийді Данияр Күмісбаев ("Коктейль для звезды") жазған еді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!