Бондарчуктің «Сталинград» фильмінің бірінші трейлері желіге шықты

Фотография - Бондарчуктің «Сталинград» фильмінің бірінші трейлері желіге шықты

YouTube сервисіне режиссер Федор Бондарчуктің «Сталинград» фильмінің алғашқфы трейлері орналастырылды.

129 0

YouTube сервисіне режиссер Федор Бондарчуктің «Сталинград» фильмінің алғашқфы трейлері орналастырылды.

Онда фильм үзіндісі Луи Армстронг алғаш  жазған «What a Wonderful World» әнімен өрнектелген.

Трейлердің сайтқа орналастырылған  күні 2013 жылғы 2 мамыр деп көрсетілген.  Ал трейлердің интернет-премьерасы 3 мамырда kinopoisk.ru. сайтында болды.

Трейлер алғаш рет сәуір айының ортасында Лас-Вегастағы  CinemaCon кино нарығында көрсетілді. Онда «Сталинградты» Ресей фильмдерін прокаттаумен айналысатын Sony Pictures Releasing International компаниясы апарды.

Бондарчуктің картинасының бюджеті - 30  миллион доллар. «Сталинград» түгелдей IMAX 3D технологиясымен түсірілген алғашқы ресейлік фильм болды. Қоюшы-операторы - Максим Осадчий, Музыкасын жазған композитор Дэвида Линча Анджело Бадаламенти. Сталинград шайқасының оқиғаларына негізделген бұл фильмнің премьерасы 2013 жылғы күзде Волгоградта өтеді.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!