Оралда суретшілердің «Алтын қайық» көрмесі ашылды

Фотография - Оралда суретшілердің «Алтын қайық» көрмесі ашылды

Оралда «Алтын қайық» атты суретшілер көрмесінің іріктеу сайысының жеңімпаздары анықталды. Көрмеге барлығы 60-қа жуық жұмыс қойылды

301 0

Оралда «Алтын қайық» атты суретшілер көрмесінің іріктеу сайысының жеңімпаздары анықталды. Көрмеге барлығы 60-қа жуық жұмыс қойылды.

Көрме Батыс Қазақстанда осымен екінші рет ұйымдастыры­лып отыр. Оның негізгі ұйым­дастырушысы және демеушісі - өнердің жанашыры, суретші Нұрберген Дәулетов басқара­тын Атырау қаласындағы «Жер­ұйық» мәдени-қоғамдық қоры. Көрмеге қатысқан жұмыс­тарды сараптап, жүзден жүй­рік таңдап алған қазылар алқасында елімізге белгілі суретші Әділхайыр Жантасов, сурет­шілер Нұрберген Дәулетов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Ақтөбе көр­кем-сурет музейінің директоры Марат Ғабдырахманов, Атырау қаласынан шығатын «Алтын қа­йық» газетінің бас редакторы Қаршыға Көшеков болды.

Сурет­шілердің жұмысы бейнелеу өнері, кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы, мүсін өнері бойынша сараланды. Облыстың төрт суретшісі Қуан­дық Мәдір, Қайыр Ораз­­ғалиев, Ас­қат Әб­де­шов және Нұр­бек Жәр­де­мов жеңімпаз атанды. Көр­ме­нің жалғасы алдағы маусым айын­да Ақтөбе, шілде айында Ақтау қалаларында өтеді. Аймақтардан іріктелген 16 суретші желтоқсан айында Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау қала­сында өтетін қорытынды көрме­ге  қатысады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!