Мәскеу дизайнерлері Роза Рымбаеваның қуыршақ мүсінін жасады

Фотография - Мәскеу дизайнерлері Роза Рымбаеваның қуыршақ мүсінін жасады

Жуырда Алматыға Роза Рымбаеваның қуыршақ мүсіні әкелінеді. Туынды авторлары оны әншінің өзіне табыстаймыз деп отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz мәлімдеді. 

265 0

Жуырда Алматыға Роза Рымбаеваның қуыршақ мүсіні әкелінеді. Туынды авторлары оны әншінің өзіне табыстаймыз деп отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz мәлімдеді. 

Қуыршақтың бір ғана данасы бар. Бет пішіні, шаш қойысы, барлығы дизайнерлердің шебер қолдарынан туындаған. Дизайнерлер қуыршақты жасауға не түрткі болғанын да айтып берді. «Алдыңғы жылы Алматыда болғанымызда, Роза Рымбаеваның «Мәңгі көктем» компакт-дискісін сатып алған едік. Дискідегі әуендер бірден жүрегімізден ойып тұрып орын алды. Музыка құдыретінің баурап алғаны соншалық, Роза Қуанышқызының құрметіне арнап қуыршақ жасауды ұйғардық»,-деп түсіндірді Мәскеулік дизайнерлер Василий Барбье және Сергей Амельков.

Қуыршақты табыстау рәсімі Алматыда мамырдың 11-інде «Меломан» дүкендер желісінде өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, сол күні әнші тыңдармандарына қолтаңба беру сессиясына да қатысады екен.


Тегтер:

мәдениет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!