Елордада әскери-патриоттық әндер фестивалі өтеді

Фотография - Елордада әскери-патриоттық әндер фестивалі өтеді

Бүгін елордада М.Горький атындағы орыс драма театрында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 68 жылдығына арналған әскери-патриоттық әндер фестивалі өтеді.

314 0

Бүгін елордада М.Горький атындағы орыс драма театрында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 68 жылдығына арналған әскери-патриоттық әндер фестивалі өтеді.

Фестивальдің жұмысына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің өкілдері, ардагерлер мен студенттер және қала мектептерінің оқушылары қатысады.

Мәдени шараны ұйымдастырушы «Келісім көпірі» қоғамдық қоры өкілдерінің айтуынша, фестиваль бағдарламасына 18 музыкалық нөмір енгізілген. Қазақ, орыс тілдерінде әндер орындалады. Өнерпаздардың ең кішісі - 11 жаста болса, үлкені - 29 жаста.

«Үміткерлерді құрамына Қазақ музыка академиясы, «Шабыт» Қазақ университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері енген 5 адамнан тұратын қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков болуы жоспарланған», - деп хабарлады astana.kz сайтына қоғамдық қордан.

Фестиваль бүгін Астананың М.Горький атындағы орыс драма театрында 16.00-де басталады. Іс-шара бағдарламасына музыкалық фестивальден басқа, жас суретшілердің «Майдандағы ерлік» картинасы көрмесі, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігіне арналған «Батырларға -тағзым» атты кітап көрмесі енген.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!