Алматыға Роза Бағланова атындағы Airbus A320 жаңа ұшағы жеткізілді

Фотография - Алматыға Роза Бағланова атындағы Airbus A320 жаңа ұшағы жеткізілді

Мереке күндері Алматыға Роза Бағланова атындағы Airbus A320 жаңа ұшағы жеткізілді. Әуе кемесі Францияның Тулуз қаласында құрастырылған

164 0

Мереке күндері Алматыға Роза Бағланова атындағы Airbus A320 жаңа ұшағы жеткізілді. Әуе кемесі Францияның Тулуз қаласында құрастырылған

Қырық жылдық тарихы бар зауыт әуе кемесінің жаңа жобасын бірнеше жыл бұрын жасап шығаруды қолға алған екен. Сырт пішіні ерекше жасалған лайнер алып китке ұқсайды. Алғашқы тапсырыс өткен жылдың аяғында орындалып, әзірге мұндай әуе техникасының бес данасы ғана өз қызметіне кірісіпті. Ерекшелігі – ұзаққа ұшуға жарамды, жанар-жағармайға да үнемді. Заманауи құрал-жабдықтармен, планшетпен қамтамасыз етілген. Ұшқыштар бұрынғыдай радиоэфир желісімен емес, монитор арқылы жерден хабарлама (смс) ала алады. Ең бастысы, ұшақ КСРО және Қазақстанның халық артисі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызының есімін иеленіп, аздаған күндерден кейін көк жүзінде самғайтын болады. «Эйр-Астана» компаниясы жыл аяғына дейін тағы осындай үш техника алуды көздеп отыр.

Әмірлан МӘУЛЕН


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!