Анджелина Джоли омырау безін алдырып тастады

Фотография - Анджелина Джоли омырау безін алдырып тастады

37 жастағы Джоли бұл туралы New York Times басылымында жарияланған мақалада хабарлады.

340 0

Голливудтық актриса Анджелина Джоли қатерлі ісік пайда болу қаупінен омырау безін  операция жасатып алдырып тастады. 37 жастағы Джоли бұл туралы New York Times басылымында жарияланған мақалада хабарлады.

Актрисаның айтуынша, дәрігерлер оның омырауынан BRCA1 генін тапқан. Ол геннің әсерінен сүт бездерінің қатерлі ісікке шалдығуы ықтималдығы 87 пайызды, ал қатерлі ісік ұяшықтарының пайда болу мүмкіндігі 50 пайызды құраған.  

Анджелина Джолидің анасы 56-жасында қатерлі ісіктен қайтыс болған еді. Актрисаның өзі "дерттің алдын алу " мақсатында операция жасатып, қатерлі ісіктің пайда болу қаупін біршама азайтқанын айтады.

Анджелина Джоли мен оның күйеуі - актер Бред Питтің алты баласы бар. Олардың үшеуін асырап алған.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!