«Наз» мемлекеттік би театрының труппасы Шыңжаңдағы Халықаралық фестивальде өнер көрсетеді

Фотография - «Наз» мемлекеттік би театрының труппасы Шыңжаңдағы Халықаралық фестивальде өнер көрсетеді

 Қазақстанның «Наз» мемлекеттік би театрының труппасы Шыңжаңда өтетін III Халықаралық ұлттық би фестивалінде өнер көрсетеді.

287 0

Қазақстанның «Наз» мемлекеттік би театрының труппасы Шыңжаңда өтетін III Халықаралық ұлттық би фестивалінде өнер көрсетеді.

Бұл туралы шараның ұйымдастырушылары ҚазАқпарат тілшісіне хабарлады.

Халықаралық фестиваль салтанатты түрде 20 шілде күні Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімші қаласында ашылмақ. Мәдени шара 17 күнге созылады деп күтілуде. Сахнада Қытайдың 8 көркемөнер ұжымы және 12-ден астам мемлекеттің бишілері шеберліктерін паш етпек. Олардың арасында Қазақстан, Германия, Ресей, Оңтүстік Корея, Испания және т.б. елдер бар.

Әртістер көпшілік назарына 54 нөмірді ұсынатын болады. Қаланың тұрғындары мен қонақтары Испания бишілерінің орындауында танымал классикалық «Кармен» туындысына, Новосібір мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ұжымы әзірлеген «Ұйқыдағы ару» және «Щелкунчик» қойылымдарын тамашалайды. Ал «Наз» би театрының өкілдері өздерінің бөлек бағдарламасын ұсынады.


Тегтер:

мәдениет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!