Анджелина Джоли енді аналық бездерін алдырып тастамақ

Фотография - Анджелина Джоли енді аналық бездерін алдырып тастамақ

37-жасар киножұлдыз сәтті өткен екі жақты мастэктомиядан кейін аналық жыныс бездерін алдырып тастамақ

232 0

37-жасар киножұлдыз сәтті өткен екі жақты мастэктомиядан кейін аналық жыныс бездерін алдырып тастамақ, деп хабарлады Lifenews.

Танымал америкалық актриса Анджелина Джоли жаңа ота жасауға дайындалу үстінде. Ол бұл қадамға қатерлі ісік ауруының қаупін төмендету үшін барып отыр.

Голливуд жұлдызы жақында ғана сүт бездерін алдырып тастағаны туралы ашық айтқан болатын. Джоли екі жақты мастэктомияны мамандардың омырау безі обырымен ауыру қаупінің 87% құрайтынын хабарлағаннан кейін жасатқан еді.

Сонымен қатар, генетиктер Анджелинаның аналық безі обырымен ауыру қаупі 50% құрайтынын анықтады.

«Оның халі жақсы, бірақ бұл соңғы қиындық емес», - деді киножұлдыздың жақын досы.

Дәрігерлердің айтуынша, Джоли аналық бездерін 40 жасқа толғанда алдырып тастауы керек.

Еске сала кетсек, Бред Питт пен Анджелина Джолидің үш туған баласы және үш асыранды баласы бар. Тұңғышы – ұлы Мэддокс 12 жасқа келді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!