Қытайдың Тарбағатай аймағында ақындар айтысы өтті

Фотография - Қытайдың Тарбағатай аймағында ақындар айтысы өтті

Екі күнге жалғасқан жыр додасына Тарбағатайға қарасты аудандар мен қалалардан келген 42 ақын сөз барымтасына түсіп, өнерлерін көрсетті. 

284 0

Жақында Қытайдың Тарбағатай аймағында аймақ (Облыс) көлемінде өткізілетін 19-шы кезекті ақындар айтысы Шәуешек қаласының мәдениет орталығында өтті. Екі күнге жалғасқан жыр додасына Тарбағатайға қарасты аудандар мен қалалардан келген 42 ақын сөз барымтасына түсіп, өнерлерін көрсетті. 

Қытайдағы қандастарымыздың айтысқа деген ықыласы бөлекше. Содан да болар Қытай үкіметі тарапынан 2006 жылы ақындар айтысы мемлекет дәрежелі қорғалатын мәдени мұралардың қатарына енгізді және қазақтар жиі қоныстанған өңірлерде ақындар айтысын өткізіп тұру үшін мемлекет бюджеттен арнайы ақша бөлініп тұрады.

Аудандар да жылына бір рет, аймақтарда екі жылда бір рет, Облыста 3 жылда бір рет, Шынжаң көлемінде бес жылда бір рет өткізіліп тұру дәстүрге айналған. Айтпақшы бұл елде айтыс әрқайсы ауданда алма кезек өткізу дәстүрге айналған.

Айтыстың ашылу салтында сөз алған Аймақ әкімі Сарқыт Ақанұлы: «Ақындар айтысына болған басшылықты күшейтіп, ақындар айтысы мен қатысты зерттеу жиындарын үзбей өткеру, осы саладағы қызметкерлер мен ақын-өнерпаздарді қолдап-қуаттап, айтыс өнерінің биік өреге көтерілуіне, гүлденуіне кең тынысты орта жаратып, ақын-өнерпаздардың қабілет-дарынын толық әйгілеуіне тамаша шарт-жағдай әзірлеулері керек» деді. Және айтыстың сәлихалы өтуіне қолдау көрсеткен барлық органдарға ырзашылығын білдірді.

Тарбайғатайда осымен 19-інші рет өткізіліп отырған айтыстың Бас жұлдесін Анар Бәделқанқызы қанжығасына байласа, Бірінші орынды Нағыман Жұқанұлы мен Қуанышхан бөлісті. Ғазиза Тоқайқызы мен Гүлсінай екінші орынды, Бақытхан, Райхан,Тілеухан секілді ақындар үшінші орында иеленді. Жайыртау мен Емілдің арасын жырмен жалғаған бұл айтыс енді екі жылдан соң Тарбағатайдың Сауан ауданында өткізілетін болды.


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!