«Монстрлар» мемлекеттік тілде сөйлейді

Фотография - «Монстрлар» мемлекеттік тілде сөйлейді

2011 жылы «Көліктер-2» анимациялық фильмі тұңғыш рет қазақ тіліне тәржімаланып, балақайлардың ыстық ықыласына бөленген еді

242 0

Қазақ баласы әйгілі Disney/Pixar компаниясының «Монстрлар университетi» атты жаңа анимациялық фильмін қазақ тілінде тамашалай алатын болды. Ізгі іске әдеттегідей «Болашақ» ассоциациясы мұрындық болған.

2011 жылы «Көліктер-2» анимациялық фильмі тұңғыш рет қазақ тіліне тәржімаланып, балақайлардың ыстық ықыласына бөленген еді. Тілі былдырлап шыққан бүлдіршіндер қазақша тіл қатқан сүйікті кейіпкерлерін көріп, бір марқайып қалған. Өткен жылы «Қара киімділер-3», «Жаңа өрмекші адам», «Батыл жүрек» атты фильмдер мемлекеттік тілге тәржімаланған еді. Әсіресе, «Қара киімділер-3» кинофильмі балаларды ғана емес, үлкен көрермендерді де бей-жай қалдырмады. Енді міне, тағы бір әлемдік туынды таза қазақ тілінде «сөйлейді». «Монстрлар корпорациясы» атты мультфильмнің әйгілі приквелін тәржімалауға «Болашақ» ассоциациясы, Marwin компаниясы атсалысқан. Дубляж шығынын «Алтын Қыран» қайырымдылық қоры өтейді. Дубляж режиссері Айжан Жамышова болса, фильмнің қазақ тіліндегі тәржімасын Тұрысбек Сәукетаев пен Салтанат Дұңғабаева редакторлаған.

«Монстрлар университеті» атты жаңа туындыда балалардың үрейін ұшырып жүрген Майк пен Салли есімді қос құбыжықтың өзара қақ­тығыстары, сол қақтығыс арқылы достыққа ұласқан әдемі қарым-қатынасы суреттеледі. «Болашақ» ассоциациясының баспасөз-қызметінің хабарлауынша, дубляжға елге танымал актерлер қатысқан. Мәселен, үнемі жайдары жүретін Майкты Дулыға Ақмолда дубляждаса, Салли Руслан Сенкабаевтың, ад Рэнди Богг атты кейіпкер Азамат Қанапияновтың даусымен тіл қатады. Ал мульт­фильмге жаңадан қосылған кейіпкер Декан Хардскрабблды Лидия Қаденова дубляждаған. Бір ерекшелігі, дубляжға облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері де қатысты. Жаңа анимациялық туынды еліміздің барлық кинотеатрларында 20 маусымда көрсетіледі.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!