Астананың 15 жылдығында Патрисия Каас пен Таркан өнер көрсетеді

Фотография - Астананың 15 жылдығында Патрисия Каас пен Таркан өнер көрсетеді

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің сайты Ұйымдастыру комитеті штабының басшысы Талғат Колбачаевтың сөзіне сілтеме жасап хабарап отыр.

255 0

Францияның танымал әншісі Патрисия Каас пен түріктің сері жігіті Таркан Елораданың 15 жылдық мерейтойында өнер көрсетеді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің сайты Ұйымдастыру комитеті штабының басшысы Талғат Колбачаевтың сөзіне сілтеме жасап хабарап отыр.

Ұйымдастыру комитеті штабы басшысының сөзіне қарағанда, биылғы той бұрынғылардан өзгеше болады. «Елорда тұрғындарын құттықтауға әлем эстрадасының жұлдызы Патрисия Каас пен Таркан келеді. Арнайы шақыртылып жатқан Игорь Крутой да жиылған жұртты ән мен жырға бөлейді. Мерекелі іс шара Астана тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығады деген ойдамыз»,-деп бөлісті Колбачаев.

Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концерт «Астанаға сый-сияпат» тақырыбымен шілде айының 4-інде өтеді. Концертке Валерия, Александр Серов, Лайма Вайкуле, Николай Басков, Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, Ирина Аллегрова сынды Ресей жұлдыздары қатысады.

Шілденің 5-інде түрік әншісі Таркан танымал хиттерін орындаса,7-інде француз әншісі Патрисия Каас сахнаға шығатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Астананың 14 жылдығына әйгілі Cirque du Soleil шақырылған болатын.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!