«Казахфильм» басты рөлге кастинг жариялады

Фотография - «Казахфильм» басты рөлге кастинг жариялады

деп хабарлайды аталған киностудияның баспасөз қызметі

198 0

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясы қысқаметражды фильмнің басты рөлдерін сомдау үшін кастинг жариялады, - деп хабарлайды аталған киностудияның баспасөз қызметі. 

Режиссер Шарипа Оразбаева жетекшілік ететін «Мими» атты туындыны түсіру үшін аталған киностудия басшылығы басты және екінші деңгейлі рөлдерді сомдау үшін кастин жариялаған. Осылайша, режисер басты рөлді сомдау үшін қазақ тілін жетік білетін екі қазақ қызы мен екінші деңгейлі рөлді сомдау үшін 35 жас шамасындағы ер мен әйел және 13 жастағы ұл бала мен қыз баланы іздестіруде.

15 мамыр мен 5 маусым аралығында жүргізілетін кастингке қатысу үшін Әл-Фараби даңғылындағы «Қазақфильм» киностудиясы орналасқан 176 үйге келіңіз. Ол үшін қолыңызда тұтас денеңізбен толық түскен фотосурет қағаз немесе электронды нұсқада болуы қажет.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!