PSY Мәскеуде ең үлкен қонақүй нөмірін сұратты

Фотография - PSY Мәскеуде ең үлкен қонақүй нөмірін сұратты

Рэпер Мәскеуге жеке ұшағында 18 адамнан тұратын командасымен маусымның 6-ында келед

134 0

Маусымның 7-інде «Премия МУЗ-ТВ» жұлдыздарды марапаттау рәсіміне өнер көрсетуге шақырылған Оңтүстік Кореялық рэпер PSY өз райдерында ұйымдастырушыларға «қызық» талаптар қойды. Бұл туралы Heat.ru мәлімдеп отыр.

Рэпер Мәскеуге жеке ұшағында 18 адамнан тұратын командасымен маусымның 6-ында келеді. Басылымның мәліметіне қарағанда, әншінің талап ережелерінде «қисынсыз» сұралымдар болған жоқ. Тек бір талабы ғана ұйымдастырушыларды таң қалдырды. PSY 350 шаршы метрді құрайтын нөмірге тоқтағысы келетінін айтыпты. Ал Мәскеуде мұндай люкс нөмір тек "The Ritz-Carlton" мейманханасында ғана бар екен. Сондай-ақ, әнші қалаға шығу үшін екі көлік пен алты күзетшіні сұратыпты.

Рэпер тамақ мәселесінде де талғампаз екен. PSY мүлдем ет жемейтін көрінеді. Әншінің грим жасайтын бөлмесінде тек қана вегетериандық ас, қуырылған картоп, жеміс-жидек және минералды су бөтелкесінің болуы талап етілді.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!