Антонио Бандерас шахтерлерді құтқару туралы фильмге түседі

Фотография - Антонио Бандерас шахтерлерді құтқару туралы фильмге түседі

2010 жылы жер астында қалып қойған Чили шахтерлері туралы фильм түсірілетіні осыған дейін жарияланған еді. Жуырда шынайы оқиғаға негізделген картинаның актерлік құрамы белгілі бола бастады.

269 0

2010 жылы жер астында қалып қойған Чили шахтерлері туралы фильм түсірілетіні осыған дейін жарияланған еді. Жуырда шынайы оқиғаға негізделген картинаның актерлік құрамы белгілі бола бастады.

Мексикалық режиссер Патрисия Ригген қолға алған "33" деп аталатын фильмде Антонио Бандерас басты рөлдердің бірін сомдамақ. Оған Марио Сепульведу есімді шахтердің рөлінде ойнау тапсырылған. Кинотуындыға сондай-ақ Мартин Шин мен Родриго Санторо қатыспақ. Түсірілім жұмыстары 2013 жылы күзде басталады деп жоспарлануда.

Фильм 2010 тамызда Сан-Хосенің бітеліп қалған шахтасында 500 метр тереңдікте қалып қойған 33 кенші туралы баяндалады. 69 күнге созылған құтқару жұмыстарын бүкіл әлем бақылады. Апаттан кейін екі апта бойы жер астындағы шахтерлермен байланыс болмаған. Қазан айының ортасында барлығы аман-есен құтқарылды.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!