Алматыда Шоқан Уәлиханов туралы «Шоқан сагасы» деп аталатын 10 томдық жинақтың таныстырылымы өтті

Фотография - Алматыда Шоқан Уәлиханов туралы «Шоқан сагасы» деп аталатын 10 томдық жинақтың таныстырылымы өтті

«Шоқан сагасы» - әке аманатының орындалуы. Бұл туралы бүгін Алматыда Шоқан Уәлиханов туралы 10 томдық жинақтың таныстырылуы кезінде айтылды

487 0

«Шоқан сагасы» - әке аманатының орындалуы. Бұл туралы бүгін Алматыда Шоқан Уәлиханов туралы 10 томдық жинақтың таныстырылуы кезінде айтылды.

«Бұл еңбектің жазылуына түрткі болып, бағдарлама берген адам -  әкем Алдаберген Нұрманов болды. Ол кісі маған 8 жасымнан бастап, Шоқан Уәлиханов туралы әңгімелер айтып, кейін ғылым жолына түскен кезімде өмір жолын зерттеп арнайы кітап жазуды аманат етіп тапсырды. Алғашқы жазған дүниелерімді әкеп көрсетіп жүрген кезде, оның мазмұнды да маңызды болуы үшін оларды жинақтап, 40 жылдан кейін ғана таразыға салып, салмақтап бірақ жариялауға кеңес берді», - дейді жинақ авторы, экономика ғылымының докторы,  профессор Әбен Нұрманов. ҚР білім ісінің құрметті қызметкері, А. Эйнштейн атындағы халықаралық энергетика академиясының, М. Нострадамус атындағы халықаралық тылсым сырлар академиясының, Ресейдің педагогика және психология академияларының мүшесінің айтуынша, ол бұл еңбегінде Шоқанның өмірі мен қызметіне қатысты әлі күнге дейін дау тудырып келе жатқан 50 мәселенің мән-жайын ашуға қол жеткізген көрінеді. Оның ішінде ғалымның Париж бен Қашқарияға сапарының мақсаты, ғылыми еңбектерінің жазылу тарихы және бойындағы науқасы мен қайтыс болуына қатысты жәйттар бар.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!