«Шоқан сагасы» оқырманға жол тартты

Фотография - «Шоқан сагасы» оқырманға жол тартты

Қазақ сөздігінде кездеспейтін, шығар­ма аталымындағы «сага» сөзін көпшілік бір­ден түсініп, қабылдай қоймауы да мүмкін

343 0

Қазақстан және Еуразия жазушылар одағының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Әбен Нұрмановтың «Шоқан сагасы» атты 10 томдық ағарту­шылық шығармасының тұсауы кесіліп, Ұлттық кітапхана қорынан жинақталған жазушының өмірі мен қызметінен сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.

  Түркістан қаласының тумасы Әбен Алдабергенұлы бүгінде Білім беру ісінің құр­­метті қызметкері, Қытай, Ресей, Қыр­ғыз­стан мемлекеттері жоғары оқу орын­да­рының профессоры, А.Эйнштейн атындағы ха­­лық­аралық энергетика академиясының, М.Нос­традамус атындағы халықаралық тылсым сырлар академиясының және Ресей Фе­дерациясының педагогика және психоло­гия академияларының академигі. Ав­тор­дың «Балдәурен өмірдің шырыны», «Ғұмырнама», «Сен өз бақытыңды таптама», «Таң­ғы шық», «Жаратылыстану негіздері», «Жыр­ла, жүрек», «Нафиса ханның рухани кере­меттері», «Са­ғы­ныш», «Ода обман­чи­вой жизни», «Ақын­дығым, аяулым да аза­бым», «Өрік ағаш пен әйел», «Охо, дүние-ай» деген кітаптарының қа­тарын енді 10 том­дық «Шоқан сагасы» ро­маны толықты­рып отыр.

  Қазақ сөздігінде кездеспейтін, шығар­ма аталымындағы «сага» сөзін көпшілік бір­ден түсініп, қабылдай қоймауы да мүмкін. Өйт­кені тұсаукесерге жиналғандар арасын­да да осыған байланысты сұрақтар туында­ды. Ал автордың берген жауабына келсек, бұл сөз шотландықтар мен ирландықтардың сөзі бойынша «аңыз, дастан, хикая» деген мағы­­на береді-мыс.

«Шоқан сагасы» – ағартушылық және то­лықтырушы шығарма болып келеді. Автор мұнда бірнеше әдебиеттерді пай­да­лана оты­рып, өзінің зерттеулерін қосқан. Бұл ең­бекте Шоқан Уәлиханов туралы бұрын­ғы тарихи мағлұматтардан басқа, Шоқан­ның Қашқа­рияға сапары, оның жер картасы­ның сызба­сын, халықтар шежіресін, салт-дәстүрін жи­нау мақсаты айқындалып, экономикалық көзқарасы, маркетолог ре­тінде ойлары көр­сетілген. Сондай-ақ ав­тордың зерттеу бары­сында Ш.Уәлиханов жүр­ген жерлермен жүріп өткендігі қызықты баяндалады. Әбен Нұр­манов бұл еңбекті осыдан 40 жыл бұрын тү­сінде көрген екен, сол кезден, яғни 1972 жыл­дан бастап күні бүгінге дейін Шоқанды зерттеп келген.

  «Шоқан туралы жазған ғалымдардың зерт­теулерінен үзінділер қосып, одан қалды, өзім зерттей отырып, толықтырып жаздым. 127 рет экспедицияға шығып, 50-не жауап тап­қан сияқтымын. Шығарманы жазу кезін­де көптеген тарихи кітаптарға үңілдім, еліміз­ден бел асып, жер-жерді араладым,–дейді автор.


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!