Канн кинофестивалінің биылғы жеңімпаздары анықталды

Фотография - Канн кинофестивалінің биылғы жеңімпаздары анықталды

Фильмде лесбилік махаббат туралы баяндалады.

6116 0

Францияда Канн кино фестивалі аяқталды. Фестивальдің басты жүлдесі - "Алтын пальма бұтағы" жүлдесін Тунистен шыққан француз актері Абделатиф Кешиштің "Адельдің өмірі" картинасы ("Blue is the Warmest Color" фильмі) жеңіп алды. Фильмде лесбилік махаббат туралы баяндалады.

Байқаудың гран-при жүлдесін америкалық ағайынды режиссерлер Итан және Джоэль Коэндер түсірген "Льюин Дэвистің іші" ("Inside Llewyn Davis") деп аталатын фильмі иеленді.

Қазылар алқасы фестивальдің "Ең үздік актрисасы" деп Беренис Бежоны атады. Ол бұл атаққа Иран режиссері Асгар Фархадидің "Өткен шақ" (The Past) деп аталатын отбасылық драмасында ойнаған рөлі үшін ие болды. "Ең үздік актер" атағын "Небраска" фильміндегі рөлі үшін Голливуд актері Брюс Дерн иеленді.

Ал байқаудың "Ең үздік режиссері" атағы "Хели" киносын түсірген  мексикалық Амат Эскалантеге тапсырылды.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!