Анджелина Джолидің тәтесі қатерлі ісіктен қайтыс болды

Фотография - Анджелина Джолидің тәтесі қатерлі ісіктен қайтыс болды

Дебби Мартин 61 жасында қайтыс болды

243 0

Анджелина Джоли қатерлі ісік қаупі төнгендіктен қос сүт безін алдыртып тастағанын жария еткеннен кейін екі аптадан соң оның тәтесі сол дерттен көз жұмған, деп жазады ВВС.

Дебби Мартин 61 жасында қайтыс болды. Ол 56 жасында кеудесіндегі қатерлі ісіктен көз жұмған Джолидің анасының кенже сіңілісі.

Анджелина Джоли тұқым қуалайтын осынау ауыр дертті «алдап соқты» десе де болады. Дәрігерлер оның кеудесінен сүт безі обырына шалдығу мүмкіндігі 90 пайызды құрайтындығын анықтағанна кейін, ол қос кеудесіне ота жасатты.

37 жасар алты баланың анасы өзінің пышақ астына жату шешімін New York Times басылымына берген сұхбатында былай деп түсіндірді: «Мен осы шешімім туралы оқыған кез келген әйел қандай тығырыққа тірелмесін, шығатын жол әркез барын біліп жүреді деген сенімдемін».

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!