Астанада «Қыз Жібек» драмасының тұсауы кесіледі

Фотография - Астанада «Қыз Жібек» драмасының тұсауы кесіледі

Бүгін Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қыз Жібек» драмасының тұсауы кесіледі

257 0

Бүгін Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қыз Жібек» драмасының тұсауы кесіледі.

«Қыз Жібек» лиро-эпостық дастаны халқымыздың көне мұраларының бірі және махаббат жырының ең көркемі. Қойылымда қазақтың өзара руға, жүзге бөлінуінің, бай-шонжарлардың арасындағы жер дауы, жесір дауы, жетім дауы тәріздес шиеленістер шабуылға ұласып, өз-өзімізді обадай  ішімізден шіріткен мүшкіл күйіміз көрсетіледі. Бірін-бірі шын сүйген Төлеген мен Жібек, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіші.                                                         

Ғ.Мүсірепов пен Е.Брусиловский шығармашылығындағы «Қыз Жібек» музыкалық драмасының қоюшы режиссері - ҚР Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Сайлау Қамиев.

Театрдың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, премьера 29, 30 маусым күндері өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!