Нұрпейісовтің кітабы Нью-Йоркте жарық көрді

Фотография - Нұрпейісовтің кітабы Нью-Йоркте жарық көрді

Жуырда АҚШ-та көрнекті қаламгер, Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің ағылшын тіліндегі кітаптарының тұсаукесері өтті

197 0

Жуырда АҚШ-та көрнекті қаламгер, Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің ағылшын тіліндегі кітаптарының тұсаукесері өтті.

Ұлт әдебиетінің классигі санатындағы жазушының шығармаларын тәржімалау ісі Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан­ның Тұрақты өкілдігінің және Қазақстанның Бас консулдығының бастамасымен жүзеге асқан.

Тұсаукесер шарасында ұлт әдебиетінің классигі Әбекеңнің ағылшын ті­лін­де ба­сыл­ған әйгілі «Қан мен тер», «Соң­ғы па­рыз» шығармалары жайында аме­ри­калық оқырмандар жылы пікір білдірді. Ша­раға АҚШ-та тұратын, сонда қызмет етіп, білім алып жүрген қандастарымызбен қатар, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің, азамат­тық қоғам мен үкіметтік емес ұйым­дар және ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақ қаламгерінің туындыларын ағыл­шын тіліне тәржімалаған – Кэтрин Фит­ц­патрик есімді кәсіби аудармашы. Тұ­сау­кесер соңында автор шараға қатысушы­лар­ға өзінің шығармашылық жолынан сыр шертіп, жазушылық өмірінен естелік­тер айтып, бүгінгі әлемдегі әдебиет пен жал­пы руханият турасындағы ойларын ор­таға салды.

Туындылары әлемнің бірқатар тіліне аударылған жазушы, Мемлекеттік сый­лық­тың иегері Әбдіжәміл Нұрпейісов қа­зіргі уақытта еркін шығармашылықпен ай­налысумен қатар, Халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті ретінде де ұлт­тық әдебиетіміздің жан-жақты дамуы­на үлес қосуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!