Сергей Безруков Астанада «Сирано де Бержерак» спектаклін қояды

Фотография - Сергей Безруков Астанада «Сирано де Бержерак» спектаклін қояды

Астананың 15 жылдығында осындай маңызды оқиғаның бірі – «Сергей Безруков театрының» гастролі болмақ.

256 0

Биылғы жылы Астана күні есте қаларлық, бірегей оқиғаларға толы болмақ. Елорда тұрғындары мен қонақтары көрмелерді, концерттер мен фестивальдерді, театрландырылған қойылымдар мен мәдени және спорттық іс-шараларды тамашалайды, деп хабарлайды astana.kz.

Астананың 15 жылдығында осындай маңызды оқиғаның бірі – «Сергей Безруков театрының» гастролі болмақ.

Бас қаламызда ол танымал ресейлік театр және кино актерлерімен бірге Эдмон Ростанның комедиясымен аттас «Сирано де Бержерак» спектаклін қояды. Бұл қаһарман жауынгер, жаужүрек кавалер туралы өлеңмен жазылған дарынды француз драматургі және ақыны Сирано де Бержерак туралы тартымды комедия. Сирано өзінің бөлесі Роксанаға ғашық болады. Бұл туралы сұлу қыз білмейді де. Сираноның батылдығы сондай, ол ұрыс даласында махаббатқа бола талай жекпе-жекке шығады. Өзінің досы Кристианның атынан Сирано Роксанаға сүйіспеншілікке толы хат жазады. Өлеңі мен махаббат хаттары арқылы Кристиан Роксананың жүрегіне жол тапқанымен, шындықты мойындай алмай, майдан даласында көз жұмады. Ал Сирано құпияны өлгенше сақтайды...

Қойылымның режиссеры - Сергей Безруков және VIII аймақаралық «Жаңа жылдық шеру» театр фестивалінің «Үздік режиссерлік» аталымының лауреты Александр Синотов.

Туындыларында олар керемет режиссерлық оқылым арқылы комедияға классикалық түсініктеме береді.

Режиссердың ойын актерлер шебер жеткізеді. Астанаға Елизавета Боярская, Ресейдің еңбек сіңірген әртістері Сергей Безруков, Сергей Кошонин, Сергей Гамов,сондай-ақ, Андрей Кравчук, Сергей Сафронов, Регина Щукина, Игорь Копылов, Александр Черкашин және басқалар келеді.

Тамаша костюмдер, қайталанбас әшекейлер, мультимедиа және әсем жабдықталған сахна, епті қимыл әрекеттер, жұлдызды актерлық ансамбль-қойылымы Астананың театр өмірін жаңа бір қырынан танытады.

Қойылым Конгресс-Холл сахнасында 27-28 маусымда ұсынылады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

театр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!