Dolce & Gabbana дизайнерлері 2 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Фотография - Dolce & Gabbana дизайнерлері 2 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Қазіргі уақытта Милан қаласының соты дизайнерлер Доминике Дольче мен Стефано Габбано ісін қарастыруда

155 0

Италияның танымал Dolce & Gabbana компаниясының дизайнерлері салық төлеуден бас тартқаны үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қазіргі уақытта Милан қаласының соты дизайнерлер Доминике Дольче мен Стефано Габбано ісін қарастыруда

Италияның «Коррьере делла сера» басылымының ақпаратына сәйкес атақты модельерлер $1,29 млрд. пайдадан салық төлемеген. Айыптаушылардың ақпаратына орай, дизайнерлер Dolce & Gabbana брэндін 2004 жылы Люксембургте тіркелген Gado компаниясына заңсыз сатып жіберген.

Егер тергеу барысында Доминике Дольче мен Стефано Габбаноның кінәсі дәлелденетін болса, онда атақты дизайнерлер 2,5 жылға бас бостандығынан айрылады.

Естеріңізге сала кетейік, Италия корпоративтік салық жағынан әлемде бірінші орында тұр.


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!