«Үш Татьяна» бірлесіп, концерт қояды

Фотография - «Үш Татьяна» бірлесіп, концерт қояды

70-80-ші жылдары қазақ әндерін нақышына келтіре орындаумен халықты тәнті еткен «Үш Татьяна» - Татьяна Бурмистрова, Татьяна Полтавская және Татьяна Мартыненко қайта қосылып, концерт қояды

739 0

70-80-ші жылдары қазақ әндерін нақышына келтіре орындаумен халықты тәнті еткен «Үш Татьяна» - Татьяна Бурмистрова, Татьяна Полтавская және Татьяна Мартыненко қайта қосылып, концерт қояды.

Аталған трионы аға буын өкілдері жақсы біледі. 70-80-шы жылдары үш ару Кеңес Одағына танымал болды десек, артық айтқандық емес. Қазақ тілінде ән шырқап, домбыра тартқан «Үш Татьянаны» жұртшылық сүйіп тыңдады. Себебі олар қазақша ән салып қана қоймай, осы тілде емін-еркін сөйледі. Бүгінде бірінші Татьяна - домбырашы Татьяна Бурмистрова қазақ өнерін дәріптейтін ұлттық орталықтың жетекшісі, екінші Татьяна -  әнші Татьяна Полтавская Ресейде музыка мұғалімі қызметін атқарып жүр. Ал үшінші Татьяна - Татьяна Мартыненко қазақтың келіні, 3 баланың анасы, балабақша меңгеушісі болып жұмыс істейді.

90-шы жылдардан бері «Үш Татьяна» сахнаға шыққан жоқ. Енді араға 30 жыл салып, үшеуі қайтадан концерт бермекші. Бұл шара «КТК» телеарнасының ұйымдастыруымен 5 маусым күні Алматыдағы Республика сарайында өтеді.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!