Алматы туралы жаңа альбом-кітап жарық көрді

Фотография - Алматы туралы жаңа альбом-кітап жарық көрді

Алматыдағы «ARNA-B» баспасынан «Алматының жаңа тынысы» деп аталатын альбом-кітап жарық көрді

188 0

Алматыдағы «ARNA-B» баспасынан «Алматының жаңа тынысы» деп аталатын альбом-кітап жарық көрді.

Ол 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Алатау ауданының 5 жылдығына арналып отыр. Нұржамал Байсақалдың редакторлығымен шыққан бұл кітап қалалық «Алматы ақшамы» газетінде жарияланған материалдар негізінде жасалған. Онда ауданның кешегісі, бүгіні мен болашағы «Ақорда» сайтынан және Талғатбек Асанов, Дәурен Исаев, Самат Құсайынов пен Сәрсенбек Құсайыновтың мұрағаттарынан алынған суреттер арқылы бейнеленген. Сондай-ақ 5 жылда атқарылған жұмыстар дерек пен дәйектер арқылы «Кәсіпкерлік», «Коммуналдық шаруашылық және көріктендіру», «Әлеуметтік сала», «Білім», «Денсаулық», «Мәдениет», «Спорт» айдарлары бойынша топтастырылып берілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!