Елдегі кинопрокатта ең көп табыс Алматыдан түскен

Фотография - Елдегі кинопрокатта ең көп табыс Алматыдан түскен

Кинопрокаттағы ең көп табыс Алматыда түскен, яғни 3,9 млрд теңге (Қазақстан бойынша 39%), 2012 жылы Астана болса барлық түсімнің ширегін қамтамасыз еткен (2,5 млрд теңге). 

174 0

Кинопрокаттағы ең көп табыс Алматыда түскен, яғни 3,9 млрд теңге (Қазақстан бойынша 39%), 2012 жылы Астана болса барлық түсімнің ширегін қамтамасыз еткен (2,5 млрд теңге). 

Отандық киноиндустрияға көзқарас өзгерді. Өйткені әрбір оныншы кинокөрсетілім бұл отандық кино. Қазақстан режиссерлерінің туындыларын миллионнан астам көрермен тамашалаған. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда үштен бір есе көп.

Отандық көрерменнің дені алматылықтар 44% (478,5 мың рет көрген). Астанада барлық көрерменнің 12% (132,2 мың адам). Астанада отандық өнім көп көрсетілген, 9,8 мың киносеанс. Екінші орында Батыс Қазақстан облысы, онда 8,9 мың киносеанс берілген. Батыстағы көрсетілімнің 30% отандық кинотуындыға тиесілі.

Нағыз отаншыл көрермен Жамбыл обылысында. Онда көрсетілген әр екі киноның бірі қазақстандық режиссердің туындысы. Өткен жылы кино көрушілер саны біршама артқан. Кинотеатрларда сатылған билет саны 2011 жылмен салыстырғанда 2,5 млн-ға өскен. Киносеанс саны да өсіп 60 мыңға жеткен. Естеріңізге сала кетсек. Былтыр кинопрокатта 10 млрд теңге табыс түскен. 13 миллион билет сатылған. 420 мың киносеан берілген. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!