Астанада қазақ киносының апталығы ашылады

Фотография - Астанада қазақ киносының апталығы ашылады

Бүгін Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде «Замандас келбеті» атты кино апталығы ашылады

173 0

Бүгін Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде «Замандас келбеті» атты кино апталығы ашылады. Акция «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ-мен бірлесіп өткізіліп отыр деп хабарлайды жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

«Кино апталығы аясында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ №5 Студенттер үйі кино театрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген туындылар ұсынылады. Олар: «Руханият сардары» (режиссері Жаңабек Жетіруов), «Шерхан Мұртаза» (Ілияс Ысқаков), «Академик Ормантаев» (Жаңабек Жетіруов), «Парасат Әуендері» (Алмас Әбдіков), «Шәмші» (Төлеген Ахметов)» фильмдері. «Замандас келбеті» кино апталығы аясында Сұлтан Оразалин, Шерхан Мұртаза, Камал Ормантаев, Төлен Әбдік және Шәмші Қалдаяқов сынды Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылық жолына арналған соңғы жылдарда шығарылған деректі фильмдер көрсетіледі.

Фильмдер қоюшы режиссерлер мен шығармашылық топтың қатысуымен өтеді. Шараның мақсаты жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру, - дейді университет мамандары.

Кино апталығының ашылуына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ басшылары, еліміздің шығармашылық және зиялы қауым өкілдері, ғалымдар қатысады.

Естеріңізге саламыз, 2012 жылы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевтың қатысуымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде екіжақты меморандумға қол қойылып, елімізде алғаш рет студенттер кинотеатры ашылған болатын. Оның тұсаукесерінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған «Менің балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетілді.

Қазақстандық фильмдер бір апта бойы көрсетіледі. Кіру тегін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!