Қырғыз суретшілерін Астананың көркі таң қалдырды

Фотография - Қырғыз суретшілерін Астананың көркі таң қалдырды

Астананың 15-жылдығына қырғыз елінің суретшілері өзіндік үлестерін қосты. Туыстас елдің шеберлері ел астанасының көрікті орындарын, тарихи ескерткіштерін және сәулетшілердің қайталанбас туындыларын, жылдың төрт мезгіліндегі көрінісін жыл бойы қағаз бетіне түсіріп, Елордаға алып келді

297 0

Астананың 15-жылдығына қырғыз елінің суретшілері өзіндік үлестерін қосты. Туыстас елдің шеберлері ел астанасының көрікті орындарын, тарихи ескерткіштерін және сәулетшілердің қайталанбас туындыларын, жылдың төрт мезгіліндегі көрінісін жыл бойы қағаз бетіне түсіріп, Елордаға алып келді.

«Бұл біздің Қазақстанға алғаш келуіміз емес. Бұған дейін де бірнеше қалада болып, көптеген жұмыстар жасадық. Қазақ елінің табиғатына, халқының қонақжайлылығына өте тәнті болдық. Алайда, Қазақстан қалаларын қанша шарласақ та, Астанадай сұлу жерді кездестірмедік. Бізді ешбір қалаға ұқсамайтын ерекше келбеті таң қалдырды. Жыл бойы жасаған дүниелерімізге қарап, қазақтың жан дүниесін, тұрмыс-тіршілігін айқын көруге болады», - дейді Қырғызстан суретшілер одағының мүшесі Базарбек Жұмабаев «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК-да журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Украинаның атақты ұлы Т. Шевченко Қазақстанға жер аударылған 10 жылдың ішінде Қазақтың тұрмысына, табиғатына арнап 350 сурет салған (өз өмірінде 450-ге тарта сурет салған). Мұның бәрі қазақтың кең пейіліне Жаратқанның берген сыйы деп білеміз дейді, ұйымдастырушылар.

Қырғыз суретшілері салған суреттер 6 мамыр күні кешкі сағат 18.00-де елордадағы Тәуелсіздік сарайында ашылатын көрмеге қойылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!