Майкл Джексонның қызы өз-өзіне қол салмақ болды

Фотография - Майкл Джексонның қызы өз-өзіне қол салмақ болды

Поп-музыканың патшасы атанған Майкл Джексонның 15 жастағы қызы ауруханаға түсті

130 0

Поп-музыканың патшасы атанған Майкл Джексонның 15 жастағы қызы ауруханаға түсті. Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім өзіне қол салмақ болған.

Бұл туралы TMZ басылымы жазып отыр.

Пэрис Джексонның анасы Дебби Роу қызы өзіне қол жұмсап, ауруханаға түскенін растады. Жасөспірім білегіндегі тамырларын кескен. Бүгінде оның өміріне еш қауіп жоқ. Джексонның отбасына жақын адамның айтуына қарағанда, Пэрис өзін Мэрилин Мэнсонның концертіне жібермегені үшін мінез көрсеткен. Басылымның жазуынша, бұған дейін түскен суреттерде Пэристің білегінде тыртықтар байқалады.

Майкл Джексон 2009 жылдың 25 маусымында күшті әсері бар ұйықтататын дәрілерді шамадан тыс қолданып, дүниеден өтті. Оның артында үш баласы қалды - Принц Майкл-кіші, Пэрис Майкл Кэтрин және белгісіз сурогатты анадан туған Принц Майкл екінші.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!