Қазақстандық модель Канн фестивалінің үздік ондығына енді

Фотография - Қазақстандық модель Канн фестивалінің үздік ондығына енді

Бұл туралы OK-Models агенттігінің үйлестірушісі Екатерина Крюкова мәлімдеді.

247 0

Канн фестивалі аясында өткен Miss Fashion TV халықаралық байқауында Қазақстан атынан шыққан Анар Теміртасова үздік модельдердің ондығына кірді. Бұл туралы OK-Models агенттігінің үйлестірушісі Екатерина Крюкова мәлімдеді.

Астаналық модель Most Liked Models Awards (Көрермен көз айымы) марапатына лайық деп танылып, FTV кристалы сыйға тартылды. Байқауды Румыниялық модель жеңіп алды. Сайыс күндері конференция ұйымдастырылып, қыздар Жан-Клод Ван Дамм, LMFAO тобының солисті, Рози Хантингтон сынды әйгілі тұлғалармен сұхбаттасуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар барлық шығындарды өз мойнына алды. Модельдер қонақтаған орын Канн фестивалі өтетін сарайға жақын маңда орналасқан.

Айта кету керек, 17-жасар Теміртасова Кипрде өткен Miss Globe International байқауында ІІ-вице-мисс атағын жеңіп алған болатын.


Тегтер:

мода

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!