«Астана Опера» жаңа театры «Біржан мен Сара» қойылымымен ашылмақ

Фотография - «Астана Опера» жаңа театры «Біржан мен Сара» қойылымымен ашылмақ

Маусым айының аяғында Астанада 1250 орынға есептеліп салынған «Астана Опера» атты жаңа Мемлекеттік опера және балет театрының кермесі қиылмақ. Жаңа театр сахнасының шымылдығы қазақ опера өнерінің жаухары композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсымен түрілмек

312 0

Маусым айының аяғында Астанада 1250 орынға есептеліп салынған «Астана Опера» атты жаңа Мемлекеттік опера және балет театрының кермесі қиылмақ. Жаңа театр сахнасының шымылдығы қазақ опера өнерінің жаухары композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсымен түрілмек.

Ағымдағы жылы еліміз СССР халық әртісі, композитор, педагог және қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол қазақ музыка өнерінің бірегей шебері. «Аманкелді»(Е:Г Брусиловскиймен бірлесіп), ҚазССР мемлекеттік әнұранның музыкасы (Е:Г Брусиловский және Л.А. Хамиди мен бірлесіп) сынды шығармаларды дүниеге әкелген. Ол камералық шығармалар мен оркестрлер, 50 ден астам әндер мен романстар, халықтық әндерді өңдеу мен қатар, М. Әуезов атындағы Қазақ драма театрының қойылымдары мен фильмдеріндегі музыкалардың авторы.

М. Төлебаевтың қазақ опера музыкасына енгізген құнды еңбегі- «Біржан мен Сара» операсы. Осы шығармалар негізінде халық әншісі Біржан салдың ақын қыз Сараға деген ғашықтың сезімі ғасырдан ғасырға ұласты. Операның жаңа қойылымын режиссер Юрий Александров жүзеге асырса, басты рөлдерді Нұржамал Үсенбаева мен Ахмет Ағади орындайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!