Астанада Ван Гогтың репродукциялық суреттерінің көрмесі өтті

Фотография - Астанада Ван Гогтың репродукциялық суреттерінің көрмесі өтті

Назарбаев Орталығы және Нидерланды елшілігі Астана тұрғындары мен қала қонақтарына әлемге аты әйгілі голланд кескіндемешісі Винсент Ван Гог салған суреттердің көшірмесін көрсетті.

178 0

Назарбаев Орталығы және Нидерланды елшілігі Астана тұрғындары мен қала қонақтарына әлемге аты әйгілі голланд кескіндемешісі Винсент Ван Гог салған суреттердің көшірмесін көрсетті.

Голландияның Астанадағы күндері аясында ұйымдастырылған көрмеге Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Пейтер ван Леувен қатысты. Ол жиналған жұртпен бірге қылқалам иесінің пейзаждары мен автопортреттерінен құралған 44 туындыны тамашалады. «Винсент Ван Гог аты аңызға айналған адам. Оның шығармашылығы өзінен кейінгі буынға қатты әсер етті. Ол шын мәнісінде ұлы суретші болды. Махаббат пен қайғыға толы туындылары қайталанбайтындығымен ерекшеленді. Винсент Ван Гогтың кәсіби шеберлігі Пабло Пикассомен бірдей. Бүгінгі күнге суретшінің 1700 жұмысы жетті. Бүгін Астананың өнерсүйер қауымына керемет мүмкіндік ұсынылды деп ойлаймын. Себебі сіздер өзгелер іздеп жүріп сүйсінетін суреттерді алысқа бармай-ақ, шығындалмай-ақ өз елдеріңізде көріп отырсыздар. Сіздер мен біздерге осындай жағдай жасаған Қазақстанның билік басындағы тұлғаларына және Назарбаев Орталығына алғыс айтамын», - деді елші көрмеде сөйлеген сөзінде.

Жадыңызда жүрсін, Винсент Ван Гог сурет салуды 30 жасында бастаған. Негізінен қарапайым жандардың өмірін бейнелеген. Оның «Шаруа қыз», «Картоппен жүрек жалғаушылар», «Сена» үстіндегі көпір», «Танга әкей портреті» атты картиналары тұңғыш туындылары ретінде тарихта қалған.

Ғұмырының соңғы 2 айында Винсент Ван Гог жан аямай еңбек етіп, дүниеге 80 картина әкелген. Дәл осы уақытта оның өнерін бағалаушылардың қатары көбейіп, суретшінің атақ-даңқы артқан. Алайда қылқалам иесінің денсаулығы сыр беріп, ол жүйке ауруына шалдыққан. Ең өкініштісі Винсент Ван Гог өз өзіне қол жұмсап, тапаншамен атылып өлген


Тегтер:

сурет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!