«Қазақстан Барысы» "Күш атасын танымас" атты жыр мүшәйрасын жариялайды

Фотография - «Қазақстан Барысы» "Күш атасын танымас" атты жыр мүшәйрасын жариялайды

«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры жазба ақындар арасында "Күш атасын танымас" атты жыр мүшәйрасын жариялайды

175 0

«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры жазба ақындар арасында "Күш атасын танымас" атты жыр мүшәйрасын жариялайды.

30 маусым күні Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінде өтетін «Қазақстан Барысының» финалдық додасында 33 балуан белдесуге түседі. Ауылдық, аудандық, облыстық іріктеу жарыстарында жеңімпаз атанып, ақтық сынға жолдама алған 33 балуан мен төл өнеріміз – қазақ күресіне арналған өлеңдеріңізді kazakhstanbarysy@gmail.com электронды поштасына жіберулеріңізге болады. Бүгінге дейін айтулы ақындар Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағамбетов, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Қадыр Мырза Әлінің қазақтың бас балуаны – Қажымұқан Мұңайтпасұлына арнаған өлеңдерін біз қордың сайтында жариялағанбыз. Енді қазақтың алып ұлдарына сіз де жыр арнаңыз!

Мүшәйра маусымның 20-на дейін жалғасады. Ескерте кететін бір жайт, өлең авторлары «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының Facebook немесе Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына мүше болуы тиіс. Үздік өлеңдер күн сайын қордың ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларға жарияланып отырады. Бұл жерде сайт пен әлеуметтік желілердегі парақша оқырмандарының пікірі де маңызды екенін ескертеміз.

Жеңімпаз 20 маусым күні анықталады. Үздік өлең авторын «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры арнайы дайындаған былғары белбеу мен бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Екінші, үшінші орынға лайық деп танылған өлең авторлары да сыйлықсыз қалмайды. Іске сәт!


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!