Николь Шерзингер қатысатын концертке билеттер сатылуда

Фотография - Николь Шерзингер қатысатын концертке билеттер сатылуда

 Бұл жайында  Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушы комитеттің медиатобы мәлім етті

399 0

 Астана қаласының кассаларында Pussycat Dolls тобының ең белді мүшесі, танымал америкалық әнші Николь Шерзингер қатысатын «Асқақтай бер, Астана!» түнгі би кешіне билеттер сатыла бастады. Бұл жайында  Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушы комитеттің медиатобы мәлім етті

«Асқақтай бер, Астана!» бірегей гала-концерті елорданың өзіндік бренді ретінде қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен қала күніне орай жыл сайын өткізіліп келеді.

Ол биылғы жылы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Концертке отандық эстраданың танымал өнерпаздарымен қатар әлемдік эстрада жұлдыздарының қатысуы жоспарланған.

Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арналған ірі думанда Луина, Әли Оқапов, Assyl этно-тобы, «Арнау» дуэті, Son Pascal, K-Rim, А-Студио, Дискотека Авария, Потап пен Настя сынды өнер жұлдыздары ең танымал туындыларын орындайды.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!