Астанада «Дельфийлік ойындар» басталды

Фотография - Астанада «Дельфийлік ойындар» басталды

Бүгін Астана қаласының 15-жылдығына орай жоғары оқу орындары мен колледж студенттері және мектеп оқушылары арасында «Дельфийлік ойындар» басталды. Іс-шара Жастар саясаты мәселелері басқармасының қодауымен, «Елорда-2030» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр

228 0

Бүгін Астана қаласының 15-жылдығына орай жоғары оқу орындары мен колледж студенттері және мектеп оқушылары арасында «Дельфийлік ойындар» басталды. Іс-шара Жастар саясаты мәселелері басқармасының қодауымен, «Елорда-2030» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Дельфийлік ойындар Қазақстанда 2002 жылдан бастау алды. Қазіргі кезде 2011-2015 жылдар арасында өткізілетін іс-шаралар жоспарына енгізілген. Бұл шараны өткізудегі мақсат ұлттық құрама жүлдегерлерін дайындау, командалық біріншіліктің деңгейін көтеру, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыру.

Қоғамдық қордың президенті Нұрсерік Тәңірбергеновтің айтуынша, сайыстан жеңіп шыққандар, биылғы жылы шілде айында өтетін республикалық бәйгеге қатысады. Ал одан оқ бойы озып шыққандар халықаралық додаларға жолдама алады. Сайыс ән айту,би билеу, ұлттық аспаптарда ойнау, сурет салу өнерлерінен 12 номинация бойынша 10-24 жас аралығындағы студенттер мен оқушылар арасында өткізіледі.

«Елорда-2030» қоғамдық қоры 2008 жылы құрылып, жастарға патриоттық тәрбие беруге, спортқа баулуға, есірткі, шылым, ішімдік атаулыдан балалардың бойын аулақ ұстауға өзіндік үлестерін қосып келеді. Мысалы, жуырда ғана Жастар саясаты мәселелері басқармасында сенім телефоны ашылған. Оқу орындарында есірткі, ішімдік заттары сатылған жағдайда, оқушылар мен студенттер осы телефонға хабарласуына болады. Бұл жоба айтарлықтай өз жемісін берді, дейді Тәңірбергенов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Дельфийлік ойындар жастарымыздың шығармашылық қабілетін дамытуға және осы бағыттағы муниципалдық ұйымдардың жұмыстарын жандандыруға көмектеседі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!