«Біржанның інілері, Сараның сіңілілері» атты ақындар айтысы өтті

Фотография - «Біржанның інілері, Сараның сіңілілері» атты ақындар айтысы өтті

Алматы облысы, Ақсу ауданының Қапал ауылында КСРО халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, композитор Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында «Біржанның інілері, Сараның сіңілілері» атты ақындар айтысы өтті

292 0

Алматы облысы, Ақсу ауданының Қапал ауылында КСРО халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, композитор Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында «Біржанның інілері, Сараның сіңілілері» атты ақындар айтысы өтті хабарлайды Baq.kz тілшісіне Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айтыста іріктеуден өткен 14 ақын бақ сынады. 7 ақын Алматы облысының атынан қатысса, 7 ақын республикамыздың басқа аймақтарынан шақырылды. Атап айтар болсақ, Астана, Орал, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақмола облыстарының атынан айтыскерлер сынға түсті. Айтыс нәтижесінде Балғынбек Имашев бас жүлдені жеңіп алып, қанжығасына 500 мың теңгені байлады. Бірінші орынды иеленген Жандарбек Бұлғақовқа 400 мың теңге, екінші орындағы Күмісай Сәрсенбаеваға 300 мың теңге, ал үшінші орынды алған Дәуен Алғысбек 150 мың теңге ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

Сонымен қатар, ақындарға арнайы жүлделер мен ынтыландыру сыйлықтары табыс етілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!