С. Ахметов «Астана Опера» театрының ашылу салтанатын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды

Фотография - С. Ахметов «Астана Опера» театрының ашылу салтанатын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды

 Үкімет басшысы Серік Ахметов Мәдениет және ақпарат министрлігіне «Астана Опера» театрының ашылу салтанатын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуді тапсырды.

150 0

 Үкімет басшысы Серік Ахметов Мәдениет және ақпарат министрлігіне «Астана Опера» театрының ашылу салтанатын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуді тапсырды.

Астананың дамуы Мемлекет басшысының ерекше назарында екендігін баса айтқан Премьер-Министрдің атап өтуінше, жаңа «Астана Опера» театрының ашылу салтанаты елорданың, сондай-ақ бүкіл еліміздің қоғамдық әрі мәдени өміріндегі елеулі оқиға екені даусыз. Сондықтан Үкімет бұл жобаға барынша қолдау көрсететін болады.

«Мәдениет және ақпарат министрлігіне сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға «Астана Опера» театрының ашылу салтанатын жоғары сапалы деңгейде ұйымдастыруды және өткізуді тапсырамын»,-деді С. Ахметов.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!