Астанада Оралхан Бөкейдің «Атаукере» драмасы орыс театры сахнасында қойылмақ

Фотография - Астанада Оралхан Бөкейдің «Атаукере» драмасы орыс театры сахнасында қойылмақ

Шығарманың орыс тіліндегі сахналық нұсқасын жазған ғалым, профессор, жазушы Мұхамедия Ахмет-Төре.

308 0

21 маусымда Елорданың 15 жылдығына орай М.Горький атындағы орыс драма театрында қазақтың белгілі жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және Бүкілодақтық Н.Островский атындағы сыйлықтың иегері Оралхан Бөкейдің «Атаукере» («Последнее причастие») повесі бойынша жасалған қойылымның премьерасы болады.

Шығарманың орыс тіліндегі сахналық нұсқасын жазған ғалым, профессор, жазушы Мұхамедия Ахмет-Төре.

Бұл туралы М.Горький атындағы орыс драма театрының баспасөз қызметі хабарлады.

«Повестерім мен әңгімелерімдегі оқиғалар менің балалық шағымның куәсі, туған жер туралы естеліктерге толы,- деп жазды О.Бөкей. - Менің қазақ жерлестерім - мақсат мінезді, таза және ашық жүректі адамдар. Туған жеріне адал, менің жерлестерім - намысшыл, еңбекқор, адамгершілігі мол адамдар».

«Атаукере» драмасы Отан, ата-баба өнегесі мен болашақ ұрпақтың байланысы, адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынас, «күштілер» мен «адасқандардың» мінез-құлық қайшылықтары, ең бастысы күрес, махаббат пен үміт туралы. Сонау Алтайдың күміс шашбауындай ирелеңдей аққан Бұқтырма өзені, сол ерке өзенді еміп, екі жағалауына өңірдегі түймедей қаз-қатар орналасқан үлкенді-кішілі ауыл маңында өрбіген драмалық оқиға кейіпкерлерін «туған жерге деген сағынышқа толы» «шынайы жұмақ әлеміне» немесе қол жетпес ұлы Мұзтау шыңына шақырады. Ал, шынайы жол бар ма, жоқ па - оны әр адам өзі шешеді.

«Атаукере» қойылымын сахналауға танымал қазақстандық режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрқанат Жақыпбай шақырылды. Қоюшы-суретші - ҚР «Мәдениет қайраткері» Қанат Мақсұтов.

Қойылым алғашқы рет орыс тілінде сахналанып, көрсетіледі. Осылайша, горькийлік өнер шеберлері ұлттық драматургия туындыларын алғашқылардың бірі болып орыс сахнасында сөйлету дәстүрін одан әрі жалғастырмақ.


Тегтер:

театр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!