Пугачеваның немересі қазақтың қызына үйленбек

Фотография - Пугачеваның немересі қазақтың қызына үйленбек

Пугачеваның немересі Никита Пресняков қазақстандық Аида Қалиеваға үйленетін болды. Бұл туралы Никитаның атасы Владимир Пресняков «Жұлдыздар құпиясы» журналына берген сұхбатында айтқан.

170 0

Пугачеваның немересі Никита Пресняков қазақстандық Аида Қалиеваға үйленетін болды. Бұл туралы Никитаның атасы Владимир Пресняков «Жұлдыздар құпиясы» журналына берген сұхбатында айтқан.

«Қазір біз тойға дайындалып жатырмыз. Никита Киевте киноға түсіп жатыр, ол келген бойда тойды бастап кетеміз», - дейді күйеу баланың атасы.

Никитаның айтуынша, олар неке қиюды біраз уақыттан бері жоспарлап жүрген көрінеді:

- Бәрі керемет болады! Біз Аида екеуміз көптен бері бала сүюді армандап жүрміз, дейді ол.

Алайда, тойдың өтетін күні мен орны әзірге белгісіз. Бұған қоса, «Экспресс-К» газетінің деректері бойынша, Пресняков қалыңдығына жүзікті биылғы жылдың шілдесінде тағады.

Никита Пресняков пен Оралдың тумасы Аида Қалиеваның үйленетіні туралы әңгімелер көптен бері айтылып келеді. Алайда, бұл ақпаратты бүгінге дейін ешкім растамаған болатын.

 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!